КУДО

Гранд мастер Такаши Адзума
КУДО (дайдо джуку) президенті және негізін қалаушы
(8 дан Дайдо джуку,3 дан дзюдо).
1970 жылы қарулы күштерде қызмет атқара бастады.
1971 жылы Васеда Университетінің кешкі бөліміне оқуға түсті.
1972 жылы қарулы күштердегі қызметін аяқтады.
22 жасында Киокушинкай Федерациясының мүшесі болды. Бастапқы кезден-ақ әріптестерінің арасында дзюдо арқасында иеленген үлкен физикалық күшімен және жеңілуді білмейтін үлкен рухтық күшімен ерекшеленді.
Васеда Университетінде Киокушинкай филиалын құрды.
1973 жылы Киокушинкайдан болған 5-ші ұлттық жарысқа қатысты.
1974 жылы Киокушинкайдан болған 6-ші ұлттық жарыста 2 орын иеленді.
1975 жылы каратеден жетістіктерін жоғарлату және оқып-үйрену мақсатымен АҚШ-қа кетті. Киокушинкайдың 1-ші халықаралық жарысында 6 орын алды.
1976 жылы Киокушинкайдың 8-ші ұлттық жарысында 3 орын алды.
1977 жылы Киокушинкайдың 9-шы ұлттық жарысында Гран-при ұтып алды.
1979 жылы Киокушинкайдың 11-ші ұлттық жарысында 3 орын иемденді. Киокушинкайдың 2-ші халықаралық жарысында 4 орын жүлдегері болды. Шектен тыс ауыр салмақтағы бәсекелестермен болған сайыстардан алған тәжірибе арқасында, ол салмақ дәрежесіндегі айырмашылықты ескеру үшін ресми ережелердің, сонымен қатар басқа соққы беру, белден төмен соққы және лақтыру шеберлігінің өзгертілуі қажеттігін түсінді.
1980 жылы Будоның мүлтіксіз идеалын іздеуге кірісті.
1981 жылы Мияги префектурасының Сендай қаласында «Каратэ-до Дайдо-Джуку» клубын ашты.
1995 жылы Хокутоки Турнирінде 12 мұзды тіректі сындыру өнерін керемет көрсетті. 2006 жылы 13 мұзды тіректі сындырып, әлемдік рекорд жасады.
2001 жылы халықаралық ұйым шешімі бойынша Дайдо-Джуку каратэ-до атауы КУДО болып ауыстырылды.
КУДО жапон тілінен аударғанда - «ашық сана жолы» деген мағынаны білдіреді.
Бұл КУДО-мен айналысатын тұлғалардың жарасымды дамуына арналған рухани және физикалық өзін-өзі жетілдіретін жан-жақты жүйе.
2006 жылы қыркүйектің 8-інен 11-іне дейінгі аралықта алғаш рет Казақстанда Алматы қаласында Қазақстан Кудо Ұлттық Федерациясы жапондық «Дайдо-джуку Кудо» жекпе-жегінен семинар өткізді. Бұл семинар осы стилдің негізін қалаушы гранд-мастер Азума Такаши (8-ші дан, қара пояс) мен оның екі шәкірті, халықаралық деңгейдегі жарыстардың талай рет жеңімпаздары болған Сасазава Казуари (1-ші дан, қара пояс) және Уатанабэ Казуаки (1-ші дан, қара пояс) басшылығымен өтті.
Біз, КУДО-да жеңіс үшін қол және аяқпен соғу шеберлігімен қатар күрес дайындығы да қажет екендігін түсіндік. Бір ғана техникамен жеңіске жету мүмкіншілігі аз.
Семинар ұлттық және коммерциялық телеарналармен баяндалды.
Сұхбаттардың бірінде гранд-мастер Азума Такаши Қазақстан Кудо мектебінің мүмкіншілігі мол екендігін айтып, ары қарай дами беруіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Қазақстандық Кудо шәкірттері бұл жекпе-жектің дамуына өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.
КУДО Ұлттық Федерациясы Қазақстан Казахстан